Борышкерлер енді шетелге шыға алмайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz "Хабар24"-ке сілтеме жасап.
Елімізде баласына алимент төлемеген 80 мыңнан астам ата-ана бар. Алимент бойынша 16 мың борышкердің елден шығуына тыйым салынған, екі мыңнан астам адам іздеуде.
Республика бойынша алимент төлемеген азаматтардың қарызы 14 млрд теңгеге жуық қаржыны құрап отыр. Сот орындаушыларының өндірісінде 305 мыңға жуық атқарушылық құжат бар. Борышкерлердің көбі Астана мен Алматыда тұрады.