Өзбекстанның Хорезм облысының орталығы - Үргеніш қаласында екінші өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форум аясында көрме ұйымдастырылып, агроөнеркәсіп, өндіріс және туризм саласындағы компаниялар өз өнімдерін таныстырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өзбекстан нарығына шығуға ниетті елімізден келген 27 кәсіпорын "Made in Kazakhstan” белгісімен тамақ өнімдері мен ауыр өнеркәсіп металлдарын жұртшылыққа ұсынды. Атап айтсақ, "СарыарқаАвтоПром", "Hyundai Trans Auto” компаниялары болашақта "Азия Авто" белгісімен көліктерді экспорттауды жоспарлап отыр. "Арал тұз", "Ордабасы құс", "КазКаучук" мекемелері де тақиялы ағайындармен тәжірибе алмасуға ниет танытуда.
Ал, Маңғыстаудан "Ағарған", "Ынтымақ" шаруашылығы, туризм бойынша "Рихос" қонақ үй кешені, "Nomad" ұйымының өкілдері презентациясын көрсетті. Айта кетейік, сол жерде екі жақтың тараптарына әріптестік орнатуға мүмкіндік жасалған.
Анар ШАМШАДИНОВА
Суреттерді түсірген Сәби МАЙЕМЕРОВ
Ақтау-Бейнеу-Қоңырат-Нөкіс-Хиуа-Үргеніш