ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Шамалғандағы жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Кеше 15 қыркүйекте кешкі уақытта Алматы облысының Алматы-Отар Ақсеңгір-Шамалған ауданында №43 жолаушылар мен №456 нөмілі Алматы-Қаскелең автобусымен соқтығысып, бір адам – автобус жүргізушісі көз жұмды. Тағы үшеуі зардап шекті. Мен министрліктің және өз атымнан қаза болған адамның туған-туыстарына көңіл айтамын. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталмыш жол-көлік оқиғасын зерттеу бойынша арнайы комиссия құрды. Оның құрамына министрліктің көлік комитетінің, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының лауазымды қызметкерлері енді», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Роман Склярдың айтуына қарағанда, пойыз оқиға орнына 2434 метрге жақындаған кезде автоматты түрде өткелді сигнализация құрылғысы мен дауыс синалы қосылған. «Бағдаршамдан осы кезде қызыл түске жанды. Өткелде көлік тұрғандықтан, шлагбаум толығымен жабылмай қалған. Автобус осы кезде өткелге шығып кетіп, кептелістің салдарынан өткелдің үстінде тұрып қалған. Пойыз сағатына 97 шақырыммен келе жатқан кезде өткелге 500 метр қалғанда машинист шұғыл тежегішті басқан. Алайда жолаушылар автобусымен соқтығысты алдын алу мүмкін болмаған», - дейді ол.