Кәсіподақтар Федерациясы Бас кеңесінің отырысында жаңа төраға болып Ералы Тоғжанов тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚРКФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Басқа қызметке ауысуына байланысты Бақытжан Әбдірайым өз өкілеттілігін тоқтатты. ҚРКФ төрағасы қызметіне 2 үміткер ұсынылған – белгілі қоғамдық-саяси қайраткер Ералы Тоғжанов және "Қазақстандық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы" ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев. Балама негізде дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов төраға болып сайланды. Ералы Лұқпанұлы бұдан бұрын 2017-2019 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің қызметін атқарған еді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН