2019 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған бірқатар саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап Отырыста мына қаулының жобасы қаралды: 1. 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы Мельдешов қаулы жобасы туралы баяндама жасады. 2019 жылғы 22 сәуірде «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Сәді-Бек Түгелдің құжаттарын ұсынды: - «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжатының көшірмелері, қоғамдық бірлестігі жоғарғы органы отырысының Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме қоса беріліп отыр; - Сәді-Бек Түгелдің Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініші; - өмірбаяндық деректер; - сайлау жарнасының енгізілгенін растайтын құжат. Осы құжаттардың негізінде, сондай-ақ кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 18/249 қаулысымен Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігі анықталды және азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді. Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін мынадай құжаттар: -Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің кірістері мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы Мемлекеттік кірістер органының анықтамасы; -Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды; -облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің қолдауына азаматтардың жиналған қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары – ұсынылды. Осы хаттамаларға сәйкес Президенттікке үміткер Сәді-Бек Түгелдің қолдауына Қазақстанның барлық 15 өңірінен 122 102 азаматтың қолы жиналды, олардың 120 175-і дұрыс деп танылды. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 13/237 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдау үшін дұрыс қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 қолды құрайды. Сәді-Бек Түгелді Президентікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. Жоғарыда баяндалғанның негізінде «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы» қаулы қабылданды. Қаулымен: - 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін; - Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелге тиісті куәлік берілсін; -Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің "Халықтық Жинақ Банкі" акционерлік қоғамына арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелуі туралы мәліметтер берілсін; -бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгелдің тіркелгені туралы хабарлама жариялансын – деп белгіленген.