Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қалалық №2 емханаға барды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Мекеменің жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы емдеу және күндізгі стационар кабинеттерін және емхананың жедел медициналық жәрдем станциясын аралап көрді. [caption id="attachment_77405" align="aligncenter" width="1024"] Сурет akorda.kz алынған[/caption] Емделушілерді арнайы көпсалалы дайындықтан өткен тәжірибелі дәрігерлер қабылдайды. Бұл барлық санаттағы тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, емханада тұрғындарды ақпараттық қолдау жүйесі жұмыс істейді. Соның ішінде тәулік бойы қызмет көрсететін call-орталық, сенім телефоны және емхананың веб-сайты бар.