ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасына барды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов облыстық кәсіпкерлер палатасы базасында құрылған, ел аумағында алғашқы «Бизнеске арналған Үкімет» жобасын ҚР Президентіне таныстырды. Жоба мақсаты – «бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын бір орталықтан көрсету. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ғимаратында қызмет көрсетудің 5 аймағы жұмыс істейді. Қаржыландыру, өткізу, цифрлы қызмет көрсету, құқықтық сүйемелдеу және оқыту аймағы. Жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде «Бастау» жобасы арқылы кәсіп ашқан іскерлермен кездесті. Солардың бірі - Алтынгүл Қауқарова. Ол кәсіпкерлік негіздерінен білім алып, Шетпе ауылында балабақша ашты. Барлығы 10 млн тг несие «Атамекен» өңірлік микро қаржылық ұйымынан бөлінді. Түпқараған ауданынан Айтөре Бұхаева стоматологиялық кабинет ашты. Енді тұрғындар аудан аумағынан ұзамай-ақ кешенді ем қабылдай алады. Құрық ауылынан жас кәсіпкер Көмекбай Қойбағар түйе шаруашылығын қолға алды. Қазір ауыл халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. 2018 жылы «Бастау» бойынша 1056 адам оқуға қатысты, оның ішінде 305-і жеке кәсібін бастап, 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашты. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="77407,77410,77409"]