©
Мемлекет басшысы әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Мен тиісті мемлекеттік органдарға тікұшақ апатының себептерін зерттеп, қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым», – делінген көңіл айту мәтінінде. Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақтаудан Шымкентке ұшқан Ми-8 тікұшағының бортындағы 13 адам қаза тапты. Апат Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында болды.