Әділ Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. ''Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын'', - делінген хабарламада. Әділ Тұрсынов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы - СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. 1994 жылдан 2008 жылға дейін Сыртқы істер министрлігінің құрылымында Үндістан мен Әзірбайжандағы елшіліктің хатшысы, СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, сондай-ақ Сингапурдағы кеңесші-уәкіл лауазымдарында жұмыс істеді. 2008 жылы Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2009-2016 жылдар аралығында СІМ Еуропа департаментінің директоры, Грузиядағы кеңесші-елші, кейіннен СІМ ТМД департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының Өкімімен Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.