Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қайрат Пернешұлы Қожамжаров 1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1987-1995 жылдары - Жамбыл қаласының және Жамбыл облысының прокуратура органдарында қызметте болды. 1995-1997 жылдары - Қорғас кеденінде контрабандаға және кеден тәртібін бұзушылыққа қарсы күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы-тергеушісі, экспорттық-импорттық операцияларды бақылау жөніндегі бөлім бастығы. 1997-1998 жылдары - Қорғас кедені бастығы орынбасарының міндетін атқарушы болды. Ал 1998-1999 жылдары "Озон-Ислам" ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі салық полициясы комитеті бас тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, басқарма бастығының орынбасары-бөлім бастығы, басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы полициясы агенттігінің тергеу және анықтау департаменті тергеу басқармасының бастығы. 2002-2004 жылдары - Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары. 2004-2007 жылдары - Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары. 2008-2012 жылдары - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы. 2012-2013 жылдары - Ақмола облысының әкімі. 2013 жылғы қаңтар - 2014 жыл - Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы. 2015 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болды. 2017 жылдың желтоқсанында ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды.