«Жайық суына 82 мыңнан астам шоқыр шабақтары жіберілді. Бұл бекіре тұқымдас балықтар Атырау қаласында Ақтау халықаралық теңіз сауда портының қаражатына өсірілген», - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау портына сілтеме жасап.
19 шілдеде өткен балықты суға жіберу сәтіне порттық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің жетекші маманы Ақжан Мұқашева қатысқан.
2016 жылы Ақтау порты Каспий бассейні фаунасын қалпына келтіру жөніндегі экологиялық жоба аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жайық-Атырау бекіре балығы зауыты» РМКК-мен бекіре тұқымдас балық өсіру қызметіне шарт жасасқан. Бекіре тұқымдас балықтар осы шарттың аясында өсірілген. Порттың хабарлауынша, былтыр да Жайық суына осындай мөлшерде шабақ жіберілген екен.