©
Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді тұрғындар 20 минутта тіркеле алады, әрі тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды, - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ баспасөз қызметі.
Баж салығы ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес алынып тасталған.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын egov.kz арқылы тіркелгенде 10% АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеп, содан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне бару қажет еді. Мұнда көші-қон қызметкері жеке куәліктің чипына тіркеу дерегін жазып беретін.
Ал енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өтіп, тіркелетін азамат өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс. Өтініш 10 минуттың ішінде өңделіп, тіркелген мекенжайы туралы анықтама ала беруге болады.