ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова өз жалақысының көлемін айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде ешқандай үстеме ақы, қосымша төлемдер жоқ. Мен шамамен 600 мың теңге жалақы аламын. Бұл айлықты саяси мемлекеттік қызметші ретінде алып отырмын", - деп жауап берді вице-министр ҚР Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында журналистер сұрағына.
Бибігүл Асылова мемлекеттік қызметшілердің жалақысы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне және білім деңгейіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Ол 2016 жылдың маусым айынан бері вице-министр қызметін атқарып келеді. Еңбек жолын Көкшетау облыстық қаржы басқармасында бастаған. Ұзақ жылдар бойы Қаржы министрлігі жүйесінде жұмыс істеді және Экономика мен бюджеттік жоспарлау, Мәдениет, Ақпарат және спорт, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде, Статистика агенттіктерінде түрлі бөлімдер мен басқармаларды, департаменттерді басқарған.
Сурет ҚазАқпараттан алынды