«Қазақ аруы - 2018» Ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлады 24.kz сайты.
Сонымен бұл жолы сұлулық пен парасаттың тәжін кию мәртебесі ақтаулық Набира Рақымжанға бұйырды. Осы Гран-приден кейінгі бірінші орынды қарағандылық Ақбота Бақытқали иеленсе, екінші орын шымкенттік Ақмарал Айтбаеваға берілді. Ал Ресейден ат арылтып келген этникалық қазақ өкілі Самал Мурадияева үшінші орыннан көрінді.
Іріктеуден өткен және байқауға қатысуы тиіс болған этникалық қазақтардан түркиялық қандасымыз келе алмапты.
Айта кету керек, сұлулар сайысы елімізде осымен сегізінші рет өтті.
Сурет zakon.kz сайтынан алынды