©
2017 жылы 441 жемқорға 2 млрд теңгеден астап айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы соты Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төрағаның айтуынша, 2017 жылы айыппұл салу шарасын қолдау біршама төмендеген. Мұның бірқатар себебі де бар.
«Бұл негізінен айыппұл көлемінің үлкен болуына байланысты тұлғаның төлем қабілетсіздігі болып отыр. Сараптама көрсеткендей, жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 441 тұлғаға айыппұл жазасы белгіленіп, үкімге сәйкес 2 миллиард теңгеден астам айыппұл белгіленген. Заңды күшіне енген үкімдер бойынша жалпы алғанда жемқорлық іске қатысы бар 63 тұлғаның айыппұлдарын төлей алмауына байланысты жаза басқаға ауыстырылды», - деді Абай Рахметулин.