Басылым: Қазақ тілінде
1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.
Басылым: Орыс тілінде
«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.
Басылым: Қазақ тілінде
1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.
Басылым: Қазақ тілінде
«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

©
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзінің ресми сайтында Ауғанстанның Қабыл қаласында болған террористік шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.
"Қазақстан Қабылдағы «Интерконтиненталь» қонақ үйінде бейбіт халықтың, сондай-ақ Ауғанстанға бейбіт мақсатпен келген шетел азаматтарының өліміне алып келген террористік әрекетті қатаң айыптайды.
Аталған қатыгез және өрескел әрекет Ауғанстан үшін ғана емес, осы елдегі бейбітшілік пен дамуды қалпына келтіруге атсалысып жатқан барлық халықаралық қауымдастық үшін қауіп-қатерлер болып табылады", - деп көрсетілген мәлімдемеде.
Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы барлық саяси күштерді ұлттық татуласу бойынша келіссөздер жүргізуге шақырды.
"Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде және ұлттық негізде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға, терроризмді басуға және елді қалпына келтіруге жан-жақты жәрдем көрсетуді жалғастырады.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының 2018 жылдың қаңтарында қабылдаған мәлімдемесі халықаралық қауымдастықты осы елдегі саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетуге шақырады. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, сондай-ақ жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуін тілейміз".
Естеріңізге сала кетейік, сенбі 20 қаңтар күні Ауғанстанның Қабыл қаласындағы «Интерконтиненталь» қонақ үйіне террористік шабуыл жасалып, 43 адам дүние салған болатын. СІМ өкілі Әнуар Жайнақов өзінің фейсбук желісіндегі парақшасында қаза тапқандардың арасында 1978 жылы туылған Қазақстан азаматы да бар екенін жазған еді. Қазір қайтыс болған азаматтың денесін Қазақстанға жеткізу мәселелері шешілуде.
zakon.kz сайтының хабарлауынша, басқыншылар қонақ үйге ас бөлмесі арқылы кірген. Олар күзетшіні атып, қонақ үйдегілерді тұтқынға алған. Қарулы күштер қонақ үйді 17 сағат бойы қоршауға алып, тұтқындарды босатуға тырысқан. Операция жексенбі күні түсте аяқталып, алты басқыншының көзі жойылып, қонақүйдің 150 қонағы босатылды. Олардың 40-ы шетелдік екен. "Талибан" қозғалысы атысқа жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл қозғалыс Қазақстанда тыйым салынған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттер zakon.kz сайтынан алынды
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.
Келесі жаңалық
Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.