ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов еліміздегі жанар-жағармай тапшылығы қанша уақытқа созылатынын айтты, - деп хабарлайды Baq.kz.
«Бізде жаз басында бензиннің мол қоры болды. Көптеген компанияларда жағдай тұрақты еді. Бензиннің импорты төмендеді. Сонымен қатар Ресей нарығында бензин бағасы бірден қымбаттады. Бізде бензин қоры бірден азайды. Сондықтан қазіргі бензиннің қоры 125 мың тоннаны құрайды», - деді ол.
Сонымен қатар басшы аталған мәселені шешу үшін Ресейдің Энергетика министрлігінен көмек сұрағанын алға тартты.
«Осы орайда ҚР Энергетика министрлігі РФ Энергетика министрлігіндегі әріптестерімізге үндеу жібердік. Үндеу Ресейдің ірі компанияларына бағытталған. Осылайша біз жағдайды аз да болса тұрақтандырдық. Ал қыркүйекте біз 90 мың бензинді Ресейден кіргіздік. Тамыз айында біз 330 мың тоннаға жуық бензинді пайдаландық», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, жалпы 9 айда елімізде 275 мың тонна жанар-жағармай пайдаланылған екен.
«Біз қазан айында бензинді пайдалану көлемі 27 мың тоннаны құрайды деп болжам жасап отырмыз. Оның ішінде отандық өндірістің үлесі 170 мың тонна. Сондықтан бензин қоры азаймас үшін бізге 100 мың тонна жанар-жағармайды импорттаймыз. Мүмкіндік болса, біздің көбірек импорттағанымыз дұрыс. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды отандық импорттаушылармен және ресейлік компаниялармен бірігіп жүргізудеміз. Қазан айында, жағдай айтырлықтай қиын болады. Біз қыркүйектен де жоғары деңгейде 90 мыңнан 100 мың тоннаға дейін бензинді импорттауымыз керек. Кейін қараша айында отандық бензинді өндіру көлемі артады. Нәтижесінде импорттық бензиннің көлемі 30-40 мың тоннаға дейін төмендейді», - деді Әсет Мағауов.
Оқи отырыңыз: 7292info.kz сайты жаңа атау іздейді