Бүгін Ақтауда «Caspi Leader Camp» лагері өз жұмысын бастайды
[ 2017 ] 18 қыркүйек, 09:14 | Қазақстан жаңалықтары
Бүгін Ақтауда «Caspi Leader Camp» лагері өз жұмысын бастайды. Қазақстанның жас көшбасшылары бас қосатын лагерьдің ашылу салтанаты «Балдәурен» демалыс орынында өтеді деп жоспарлануда. Бүгін таң атысымен интеллектуал жастар Каспийдің жағасындағы лагерьге жинала бастады.
Көшбасшылар лагері белсенді интеллектуал жастардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік береді. 18-23 қыркүйек аралығында өтетін «Caspi Leader Camp» аясында «Сәтті жоба критерийі», «Жобаларды басқару», «Өзгерістерді басқару», «Жобаларды қолдаудың тиімді технологиялары» тақырыбында мастер-кластар өтеді. Сонымен қатар, қатысушылар «Инновациялар толқыны», «Көшбасшылық толқыны», «Жаңғыру толқыны», «Сандық технологиялар толқыны», «Кәсіпкерлік толқыны, «Бес мемлекет толқыны» деген алты топқа бөлініп, коуч-сессиялар ұйымдастырылады.
Осы аптада өтетін ең маңызды шара – «Жас. Жалын. Жаңғыру» («Caspian Youth Forum») халықаралық жастар форумы. Форумға Каспий жағалауы елдерінің (Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Иран Ислам Республикасы) өкілдері, еліміздің танымал саясаттанушылары мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысатын болады. Осы форум аясында TEDx форматында «Caspi Talks» танымал көшбасшылар мен сарапшылардың пікір алмасулары өтеді.
Ал, 21-қыркүйек күні «Қазақстан-Әзірбайжан жастар ынтымақтастығы күні» деп аталып, екі елдің жастар ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ.
Халықаралық форумға қатысушылар «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенін аралап, АРТ жастар фестивалін, ақындар мүшәйрасын, Маңғыстау облысы әкімдігінің «Ұлы дала қаhармандары» атты халықаралық панкратионнан турнирін тамашалайтын болады.
Атап өтерлігі, ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаев Əзірбайжан Республикасына барған жұмыс сапары барысында Үкіметке қазақ-әзербайжан елдері жастарының форумын өткізуді тапсырған еді. Шараны Маңғыстау облысы әкімдігі, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Алматы Менеджмент университеті бірлесе өткізбек.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="35992,35996,35994,35993"]
1040
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.