Елдегі мектептерде математика, физика, биология, химия пәндеріне тағы да сағаттар қосылмақ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме бере отырып.
Бұл жайлы ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті. Сондай-ақ, 2024 жылдан бастап халықаралық тәжіриебеге сай ағылшын тілі пәнінің сағатын да ұзарту жоспарда бар. Оқушылардың орыс және қазақ тілін жетік меңгеруі үшін де шаралар қабылданбақ.