© фото inbusiness.kz
Ел Президенті 1 қыркүйек күні жасаған Жолдауында осылай мәлімдеген болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме бере отырып.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың айтуынша, 2019 жылдан бері елдегі аяқталған сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 29 миллиард теңгеден асқан.
Жыл басынан бері мемлекетке шамамен 500 миллиард теңгенің мүлкі мен активтері, қаражат қайтарылған.
— ROP операторы арқылы шамамен 180 млрд теңге;
— мүлік пен актив түрінде 161 млрд теңгеден астам;
— тікелей мемлекет қазынасына қолма-қол ақша түрінде 112 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылған.