Парламенттегі мәжіліс депутаттарының «Жаңа Қазақстан» тобы ел астанасын Нұр-Сұлтаннан қайта Астана атауына өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Конституцияға түзетулер енгізілген жағдайда, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Негізгі заңға тағы бір маңызды өзгеріс енгізу қажет. Әңгіме елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы болып отыр", — делінген Мәжілістің бірқатар депутатынан ақпанда құрылған «Жаңа Қазақстан» тобының мәлімдемесінде.
«Сондықтан бір кездері тұңғыш Президент ұсынған Астана атауын қайтару тарихи әділ болады», — дейді депутаттар.
Айта кетейік 2019 жылдың наурызында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы қайта атау туралы Конституцияға енгізілген түзетулерге қол қойған еді.
Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы 1998 жылы республиканың астанасы болған кезде Астана атауын алды. Елорда 1992-1998 жылдары Ақмола, 1961-1992 жылдары Целиноград, 1961 жылға дейін Ақмола деп аталды.