Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Енді 18 жасқа толмаған балалардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады», - деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.