Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайтуды тапсырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайтамыз. Ата-аналар ең маңызды кезеңде балаларымен ұзақ бола алады, - деді Қазақстан халқына Жолдауында ел Президенті.
Ал, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылғаны үшін төлемдер орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін өседі.
-Бұл олардың жұмысқа оңай әрі жылдам оралуына көмектеседі, - деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.