Бұл туралы ел Президенті өз Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады.Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды",-деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ел Президенті отбасында ойран салатындар жазаға тарту, жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалдырмау мәселесін де көтерді.
"Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет»,-деді Мемлекет басшысы.