Ел Президенті бүгінгі Жолдауында білім мен ұстаздардың рөлі туралы айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандартын қабылдап, мұғалімдердің құзыреттілік негіздерін әзірлеу қажет. Жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, орта мектепте жаратылыстану-математика және ағылшын тілін оқытуды күшейту маңызды, - деді Мемлекет басшысы. Ол білім саласына тоқтала келе, отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын оларда білім алу құны да өсетінін айтты.
-Мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша – 30-дан 100 пайызға дейін сараланады. Сондай-ақ, оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді, - деді Қазақстан Республикасының Президенті.