Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерге арналған шәкіртақы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz сілтеме жасап.
"Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,5 есеге өседі", - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар биыл Елбасының тапсырмасы бойынша гранттар саны 65 мыңнан 88 мыңға дейін артқан.