Қасым-Жомарт Тоқаев Жаппай террористік шабуылдарға қарсы тұруға дайын болуымыз керек деп мәлімдеді.
ҚР Президенті ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесін түбегейлі қайта құру керек екенін айтты.
«Біріншіден, құқық қорғау жүйесін реформалауға шұғыл түзетулер енгізу қажет. Біз полицияның сервистік моделін құру және қылмыстық процесті жаңғырту ісінде біршама ілгеріледік. Бірақ, жаппай террористік шабуылдарға қарсы тұруға дайын болуымыз керек. Күштік құрылымдардың қолбасшылары жаңа жауынгерлік дағдыларды шыңдауға, қорғаныс пен шабуылдаудың тиімді құрал-жабдықтармен жабдықтауға шұғыл кірісуі тиіс», - деді Қазақстан Президенті.