Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында кедейлікпен күрес жөніндегі жоспарын таныстырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Азаматтардың бақуаттылығы және әлеуметтік қамсыздығы мемлекеттің басты назарында болуы керек. Санмен ойынды қойып, нақты істерге көшетін кез келді. Мемлекеттік аппарат көп жағдайда «өзін-өзі тиімді жұмыспен қамтушылар», «ресми емес жұмыспен қамту» сияқты теминдермен бүркемеленуді жақсы көреді», - деді Президент.
Мемлекет басшысының сөзінше, соның салдарынан көптеген адам жұмыссыздықпен бетпе-бет келіп және әлеуметтік қорғаусыз қалып жатыр.
«Бұл әлеуеметтік-еңбек саласын сапалы жаңартуды қажет етеді. Осы мақсатпен мынадай шараларды қабылдаған жөн. Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақты, әрі әр азаматқа бағдарланған болуы керек. Басқарудың әр деңгейінде кедейлікті төмендетудің нақты көрсеткіштерін бекіту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.