© Сайт архивінен
ҚР ДСМ СЭБК 2021 жылдың 9 айында елдің тұтыну нарығында сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың қорытындысын шығарды.
ҚР ДСМ ҚЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі нарықты сапасыз өнімдерден қорғау мақсатында ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының орындалуын бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
"Ағымдағы жылдың 9 айында мониторинг аясында 22175-тен астам тамақ өнімдерінің сынамалары зерттелді, олардың 2537-сі (11,4%) техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермеді. Таңбалау ережелерінің сақталмауы - 70,0%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 16,1%, таңбалауда мәлімделген өнімнің көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік (жалған өнімнің болуы) немесе тұтынушыны адастыратын көрсеткіштер бойынша – 14,0%-ын құрады", - деп хабарлады ведомстводан.
Комитетте атап өткендей, сәйкессіздіктердің ең көп саны ет өнімдерінде – 14,5%, құс етінде – 25,1%, балықта - 12,0%, май өнімдерінде – 4,3%, сүт өнімдерінде – 10,3%, кондитерлік өнімдерде – 9,9%, нан және нан – тоқаш өнімдерінде – 0,8 %, жеміс - көкөніс өнімдерінде – 3,1%, қапталған ауыз суда, оның ішінде минералды суда – 0,3 %, шырын өнімдерінде – 1,9 %, алкоголь өнімдерінде – 1,1 %, алкогольсіз сусындар - 4,5 %,арнайытамақ өнімдері – 5,5 %, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) - 0,9% және өзге де тамақ өнімдері-10,3%-ын құрады.
Ведомствоның ақпараты бойынша, негізгі бұзушылықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімдерде – 55,4 %, басқа елдерден – 21,8% анықталды.
Отандық өндірушілердің белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімі - 22% құрады.