Қырғызстанның Жогорку Кенеші елдің мемлекеттік туының дизайнын өзгертуді көздеуге бағытталған заң жобасын мақұлдап отыр. Енді тудағы күннің сұлбасына аздаған өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қырғыз Республикасы Парлментінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталған бастаманы Жогорку Кенештің Нұрланбек Шәкиев, Ұлан Примов сынды депутаттары көтергені белгілі болды. Депутат Примов болса, бұл ретте заң жобасы бойынша Қырғыз Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі – Мемлекеттік туды жетілдіруге бағытталғанын айтып отыр.
Ендігі кезекте елдің туындағы сәулелердің толқын тәрізді күн сәулелерінің пішіні өзгертілетін болып шешім қабылданды.
«Қырғыз Республикасының туында күн сәулесінің жаңа эскизін жасау үшін бастапқы кезеңде туды әзірлеушілер тартылды. Олар математикалық есептеулер, сызбалар және ілеспе жұмыстар жүргізді. Авторлардың бірі Жүсіп Матаев түпнұсқа нұсқасы өзгеріске ұшырағанын, бастапқыда күн сәулелеріне ұқсайтын пішін ұсынылғанын атады», - деп жазылған Қырғыз Парламентінің ресми сайтында.