Маңғыстаулық дизайнер Медина Сақтағанова Wall Street Ballroom залында 48 рет өткен Нью-Йорк сән апталығына қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Медина Сақтағанованың айтуынша, бұған дейін ел атынан Нью-Йорк сән апталығына ешқандай дизайнер қатыспаған, біз - алғашқысы. Сондықтан бұл Қазақстанның сән индустриясындағы эксклюзивті жаңалық.
- Мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді бейнелерім арқылы көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Көпшілік Қазақстанды қошеметпен қарсы алып, киімдерімізге тәнті болды. Еліміздің атынан шыққаныма өте қуаныштымын және біздің мәдениетті Еуропа, әлемнің подиумдарында көрсете беруге шабыт алдым. Ұйымдастырушыларға ерекше алғысымды білдіремін. Бәрі жоғары деңгейде өтті, - деді Медина Сақтағанова.