Акция аясында мұғалімдер, ата-аналар, оқушылардың қатысуымен алма, алмұрт, тұт, өрік және шие ағаштарының 50 көшеті отырғызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша отбасылар баласымен бірге мектеп аумағына бекініс пен бірліктің символы ретінде ағаш отырғызу идеясы болып, оған №1 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Иманалиева, А.Патрова, С.Жұмағұлова, С.Старкова, сондай-ақ Е.Круцкая сынды ұстаздары ат салысқан.
- Бүгін біздің 4 "Б", 2 "Е", 1-ші "А", "Е", "З" сынып оқушылары ата-аналарымен және мұғалімдерімен бірге жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды. Акция "Қазақстан табиғатын сақта" сынып сағаты аясында ұйымдастырылды. Осылайша, біз тек ауызша әңгімемен шектеліп қана қоймай, шын мәнінде балаларға айналамыздағы әлемді қалай сүю керектігін, табиғатты қорғауды көрсетуді шештік. Келесі аптада тағы екі сынып акцияны қайталауды жоспарлап отыр, - деді 2 "Е" сыныбының сынып жетекшісі Алла Патрова.
Ағаш отырғызған оқушылар алдағы уақытта талдарға қамқорлық жасайды. Сонымен бірге, қалай өсетінін бақылап, зиянкестерден қорғайтынына оқушылардың ата-аналары сенімді.
- Балаларға бұл идея өте ұнады әрі біз де қуаныштымыз. Өз үлестерін қосқан оқушылар үшін де қуаныштымыз. Осы арқылы көптеген жағымды эмоциялар қалды, өзара бірлік сезімі пайда болды. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін, біздің қаламызды абаттандыру үшін де маңызды,- деді балалардың ата-аналары.