Ақтауда облыстық Бекет Ата мешітінде Бейнеу ауданының бір топ тұрғыны ауызашар берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бейнеу ауданының бір топ азаматы рамазан айында облыс орталығында ауызашар берді. Мұндағы мақсат қайырымдылық шарасына үлес қосып, әлеуметтік осал топтарға көмек беру болып отыр.
“Бекет ата мешітінде әлеуметке ауызашар беріп, Ақтаудағы мүжәлсіз 35 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті. Бұл іске Бейнеу ауданының тумалары ат салысып, игілікті шараға үлес қосты”, - деді ұйымдастырушысы Болат Досов.
Бейнеуліктер мұндай қайырымдылыққа бағытталған шараларға мүмкіндігі бар әрбір ел азаматы ат салысуы тиіс деп санайды. Қасиетті айда өзгеге көмек көрсету арқылы олар көпке өнеге көрсетті.