Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің хабарлауынша, қазір үйінділерді шығару жұмыстары жүріп жатыр, содан кейін ғана апат орын алған үйдің жағдайын бағалау жүргізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- 1977 жылы салынған үй. 12 пәтерлік үй бір кіреберіс орталықтандырылған газбен қамтылған. Үй апаттық жағдайдағы тұрғын үй тізімінде емес. Үйдің жалпы ауданы 621 шаршы метрді құрайды. Қазір үйінділерді сұрыптап, тексеріп жатырмыз, одан кейін сараптама жүргізіліп, тұрғын үйді қалпына келтіруге бола ма, жоқ па, соны көрсетеміз, - деп атап өтті қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер.
Жарылыстан зардап шеккен жақын маңдағы үйлерге келсек, бұл жұмыстарға жаңаөзендік кәсіпорындар атсалыспақ. Бұл мәселе де комиссияның жұмыс отырысынан кейін анықталады.