Ақтау қаласында жасөспірімдер 4-ші шағын аудандағы тыйым салынған жерде суға түсіп, видеоны әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz , облыстың Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ювеналды полиция қызметкерлері теңізге секірген 15 жастағы екі жігітті анықтады.
Жасөспірімдердің заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 364-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
Құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.