Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. 2019 жылғы 30 желтоқсанда Үкіметтің қаулысымен көшіп келушілердің Қазақстанға келу және болу ережелеріне өзгеріс енгізіліп, тізім төрт қаланың – Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз әуежайларымен толықтырылды.
Мұндай транзиттік режим бұған дейін Нұр-сұлтан және Алматы әуежайларында болған еді. Визасыз режим қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялардың жолаушыларына қолданылады.
⠀
Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз кіру режимі 2020 жылдың 31 желтоқсаны сағат 23.59 дейін әрекет етеді.
⠀
Министрлікте атап өткендей, түзетулер Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жолаушылар санының артуына ықпал етеді. Өткен жылы ел арқылы транзиттік жолаушылар ағыны бір миллион жолаушыдан асты. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық.