Жедел жәрдем неге кешігеді?
[ 2019 ] 27 қараша, 11:54 | Жаңалықтар
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы жедел және шұғыл медициналық стансасының директоры Рахымжан Елтаев айтты.
Ол 103 қызметінің неліктен шақыртуларға кешігіп баратындығын былайша түсіндіреді. "Жарықтың жоқтығы және көше атаулары, үй нөмірлері, пәтерлерде домофондар жұмыс істемеуі - басты мәселе. Жолдардағы жүргізуші этикеті сақталмайды, нәтижесінде жедел медициналық жәрдемнің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына әкеледі" деді ол.
Сондай-ақ оның айтуынша, елді мекендерде сапасыз жолдар, жедел медициналық көмек бригадасының кешігуіне әкеледі, көше атаулары, үй, пәтер нөмерлерінің жоқ болуы мекен-жайды табуды қиындатады. Түнгі уақытта көшелерді жарықтандырудың жеткіліксіздігі, ұялы байланыстың болмауы алыс елді-мекендерге тез арада жетуге, облыс бойынша интернет жылдамдығының төмендігі де өз алдына үлкен проблема.
Санитарлық автокөлік саны жеткіліксіз, бүгінде қажеттілік 50 бірлікті құрайды, сонымен қатар медициналық жабдықтармен жабдықталмауы, бүгінде бұл 60% көрсеткішті құрап отыр, делінген ақпаратта.
Сондай-ақ бригадалардың толықтай жинақталмауы тағы бар, қазіргі таңда әрбір бригада құрамына 1 фельдшер және 1 жүргізуші кіреді.
Оқи отырыңыз: Сүгір жыраудың немересі Төреғали Төреәліні сотқа бермек
1095
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.