Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте МО жедел және шұғыл медициналық стансасының директоры Рахымжан Елтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Өткен жылмен салыстырғанда шілде айында науқасқа келу уақыты 25-тен 18 минутқа дейін қысқарған. Рахымжан Елтаевтың айтуынша, биылғы жылдың 10 айында сәтті реанимация көрсеткіші 20,9%-ға артыпты, ал 2018 жылы ол 15%-ды құраған. 2017 жылмен салыстырғанда өлім көрсеткіші биылғы 10 айда 245-ке азайған. - Жыл басымен салыстырғанда созылмалы аурулары бар пациенттерден шақыру саны 55410-ға қысқарды. Ал бұл емханалардың созылмалы аурулары бар пациенттермен жасаған жұмысының жақсаруының дәлелі, - деді Р.Елтаев. Оқи отырыңыз: Биыл өңірде 961 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді Сонымен қоса, 103 қызметінің материалдық-техникалық базасы да күшейтілген. 2018 жылмен салыстырғанда бұл жылда медициналық жабдықтау 20%-ға артқан. 2017-2018 жылдармен салыстырғанда GPS-навигациямен жабдықтау жағдайы жақсарып, көрсеткіш 10 айдың қорытындысы бойынша 73,2% құраған. Сондай-ақ санитарлық көлікпен қамтамасыз ету артқан. Пилоттық жоба шеңберінде стационарлардың қабылдау бөлімшелері жұмысының жаңа форматы енгізілген. Мәселен, мамандарды оқыту, стандарттарды енгізу, редизайн және қайта құру, материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту басталған.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ