Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі даяшы газдан уланып қайтыс болды
[ 2019 ] 25 қараша, 10:00 | Жаңалықтар
Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңаөзендегі мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген үш кәмелетке толмаған адам улы газбен уланған. Екеуі қайтыс болды, біреуі Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Оқиға 24 қараша күні сағат 14:30-да Жаңаөзен мейрамханаларының бірінде болған. - Мейрамхананың екі даяшысы, 2006 жылы туған оқушы және 2004 жылы туған колледж студенті қайтыс болды. 2003 жылы туған жігіт, колледж оқушысының жағдайы өте ауыр, ол Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне кома жағдайында орналастырылды. Бүгін оның есін жия бастағаны хабарланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер Жаңаөзеннің мейрамханасында даяшы болып жұмыс істеген. Оқиға орнында тергеу шаралары жүргізілуде, улану себептері анықталуда, - делінген ақпаратта.
582
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.