Жаңаөзендік Қошкелді Омеров КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988-89 жылдардағы Жарлықтарына сәйкес "Жауынгерлік қызметі үшін" медалімен марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қошкелді Омеровті 30 жылдан кейін мойындалған еңбегін құттықтау үшін ауғандық майдандас серіктері оны Ақтау халықаралық әуежайынан қарсы алды. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде 20 қараша күні Қошкелді Өміров өзге де қазақстандық жауынгер-интернационалистермен КСРО-ның әскери наградаларымен марапаттау рәсіміне қатысты. [caption id="attachment_88549" align="alignnone" width="696"] Қазақстандық Ауған ардагерлері Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде[/caption] Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрлігі мен Ресей Президенті Әкімшілігімен бірлесіп, қазақстандық жауынгер-интернационалистердің еңбектерін ұмытпай, дәріптеу мақсатында үлкен жұмыс атқарылғанын айтты. Сондай-ақ Елшілікте Ауған соғысының қазақстандық ардагерлері Александр Кашин, Берікбол Кулов, Талғат Сахов, Жұмахан Шоңғараев, Әлім Жұматаев, Бауыржан Мұхаметжаров "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік қызметі үшін" марапатталды.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="88520,88521"]