БЖЗҚ «Ашық есік күніне» шақырады
[ 2019 ] 20 қараша, 11:38 | Жаңалықтар
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылдың 29 қарашасында таңғы сағат 10.00-де «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының алаңында «Ашық есік күні» шарасын өткізеді. ⠀ Басты тақырып барша қазақстандықтарға маңызды – «Зейнетақыны жоспарлау». БЖЗҚ мамандары зейнетақыны жоспарлау, Қордың салымшыларымен байланыс жасау арналары, болашақта лайықты зейнетақы алу және оны зейнетақы калькуляторы арқылы есептеу жолдары туралы әңгімелейді. ⠀ Сонымен қатар шараға қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен «БЖЗҚ» АҚ қызметімен жете танысып, өздерін мазалаған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ала алады. ⠀ Шараға Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы, «Қазпочта» АҚ, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің МО бойынша департаменті және басқа да жауапты мекеме өкілдері қатысып, өз кеңестерін беретін болады. ⠀ Акция соңында барлық қатысушыларға бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдіруге мүмкіндік беріледі. Еске сала кетейік,
«Ашық есік» шарасы Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 36 А ғимараты мекенжайында өткізіледі.
908
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.