Бұл күндері еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатыр. Бұл бағытта Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы «Бөбек» бөбекжайы да 7-11 қазан аралығында «Аңызға айналған абыз» тақырыбында мерекелік шаралар өткізді. Заңғар жазушының шығармашылығы, Отан алдында атқарған қызметтеріне қатысты мамандар мен тәрбиешілер «Аңыз адам», «Ғибратты ғұмыр», «Ә.Кекілбаевтың өмірі» тақырыбында жазушының өмір жолынан шығармашылығын арқау етіп шығармалар жазды. Бөбекжай тәрбиеленушілері «Ақындар жырлайды» тақырыбында жазушының туындысынан көркем сөз оқыды. Жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында бөбекжайда «Әбіш әлемі» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылды. Ересек топ тәрбиеленушілері кітапханаға «Әбіш жазған туындылар» тақырыбында саяхат жасап, жазушының шығармаларын зерделеп, қаныға түсті. Айта кетейік, Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы облыс көлемінде жоғары деңгейде тойланды. Ал республика көлемінде Нұр-Сұлтан қаласында тойланғалы отыр.
«Бөбек» бөбекжай МКҚК-ның бейнелеу маманы Г.Бекібаева