Қарақия ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Балғын өрт сөндірушілер» тақырыбында бүлдіршіндермен бірге сауықтыру шарасын өткізді. Құрық селосында орналасқан «Болашақ» МКҚК-ның мектепке дейінгі гимназиясында балаларға өрт қауіпсіздігін сақтау, алдын-алу туралы ереже түсіндірілді. Тәрбиешілерімен бірге көрініске қатысқан «Ақ желкен» тобының бүлдіршіндері ойыншық жануарлардың бағына аттанып, оларды өрттен қорғады. Сонымен қатар сіріңке туралы шағын қойылымды сахналады. Балалар тақтадағы көрнекі суреттерге байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Көңілді шарада бүлдіршіндер ән шырқап, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері А.Көшенов пен А.Жұмсақова шараға белсене қатысқан балаларды марапаттап, өрт қауіпсізідігін сақтау туралы жадынамалар таратты.
Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ