Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Іскер әйелдер қауымдастығының облыстық филиалы 25 ізгі істі қолға алды. «Жүректен-жүрекке» акциясы шеңберінде кәсіпкер әйелдер, студенттер мен банк қызметкерлері қан тапсырды. - Бүгін 25 ізгі істің алғашқысы ұйымдастырылып отыр. Жыл аяғына дейін қайырымдылық бағыттағы шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Қан орталағында Іскер әйелдер ауымдастығының мүшелері, Ақтау есеп-технологиялық колледжінің студенттер, АТФ банк қызметкерлерін қосқанда, барлығы 20-дай адам қан тапсырды. Донор болу арқылы қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек көрсете аламыз. Сондай-ақ қанның жаңаруына, жүрек қан тамыры жүйесі мен ішкі органдар жұмысының жақсаруына әсер етеді,-деді Іскер әйелдер қауымдастығының облыстық филиалы көмекшісі Назгүл Жұмабайқызы.
Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ