Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Қадыр Марал Жұмабекқызы тағайындалды.
Қадыр Марал Жұмабекқызы 1964 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ.
Білімі жоғары. Гигиенист-эпидемиолог дәрігер мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын және құқықтану мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.
1990 жылдан бастап Маңғыстау облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында жұмыс істеді.
2000 жылдан бастап облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында қызмет етті.
2012 жылдың қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.
Соңғы жұмыс орны ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі