Дәрігерлер Egov қызметімен танысты
[ 2019 ] 18 шілде, 12:00 | Жаңалықтар
Халыққа қызмет көрсету орталығында дәрігерлерге арнайы семинар ұйымдастырылды. Ақ желекті абзал жандардың қызметін оңтайландыруда электронды үкімет маңызы талқыланып, әр адамның денсаулығына байланысты онлайн анықтамаларды беру қызметі жан-жақты түсіндірілді. Наркологиялық немесе психоневрологиялық, тұрғылықты мекен-жай бойынша анықтамаларды электрондық нұсқада беру мүмкіндіктері де кеңінен насихатталды. Дәрігерлер электронды үкіметтің мобильді қосымшасын пайдалану, сондай-ақ telegrambot арқылы кез келген сауалға нақты жауап алудыда тез үйреніп, алдағы уақытта көрген-білгенін іс жүзінде пайдалануға уәде берді. Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері тарапынан мұндай оқыту семинарлары жоспарға сәйкес жүргізіліп отырады.
Голрох Жеменей
948
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.