Жұмыстан кейін қол босай қалса «Рауан» елді мекеніне асығамын. Онда әріптес ағам Болат Үмбетовтің саяжайы бар. Өріктің, алма, алмұрт ағаштарының түр-түрі осында. Әсіресе көктемдегі гүлдеген кезі қандай әдемі!
Жаз айларында қызанақ, қияр,баклажан , бұрыш пісіп, қатар түзейді. Қызыл, ақ, ақсары түспен айналасына ажар қосқан раушан гүлі.., атын мен білмейтін өзге де түрлі түсті гүлдер...
Шөлейт өлкеде, суы тапшы Ақтауда жайқалған бақ өсіру оңай емес, әрине. Ақыл-кеңес сұрап, көрші көшедегі журналист ағамыз Сафи Ажмұратов келеді. Ағаштың көлеңкесінде отырып, жеміс-жидектің пайдасы жайлы біраз әңгімелер айтылады.« Бұл Болат «тыңайтқыш» деп жылқының тезегін, сиырдың жаппасын ғана емес, ағаштың күлін де жинайды» - Сафи әзілге бұрады. « Ағаштың күлінде көкөніске қажеттің бәрі бар».- Бөкең бағбан емес пе, біраз жерге барып, ат басын тартады.
https://www.youtube.com/watch?v=tQB9YjiR5A4Мені әңгімеден гөрі өрік, алмасын ауырсынып, баяу тербелген жеміс ағаштары, жайылған жапырақ арасынан сығалап, күнмен шағылысқан жүзімдер, қатар түзеп, тізілген көкөністер қызықтарады. Жазбен бірге жылт етіп, өте шығар сәттерді суретке түсіруге асығамын. Айнала жап-жасыл, бейне бір қырға әкеліп, орната салған шағын тоғай дерсіз!
Сіз де тамашалап көріңізші Болат Үмбетовтың жасыл әлемін...
Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="8283,8282,8281,8280,8279,8278,8277,8276,8275,8274,8273,8272,8271,8270,8269,8268"]