Екі күнге созылатын санитарлық тазалық кезінде Ақтауда теңіз жағалауындағы қираған орындықтар қалпына келтіріліп, сырланып, қоқыстар шығарылды. Арнайы техника веложолды жуып өтті. Бұл жұмыстар 12 маусым күні Ақтауда 9А, 14А, 15А шағынаудандағы теңіз жағалауындағы кәсіпкерлікке қатысты қоғамдық тыңдаудан кейін қолға алынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Басқосуда Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов жағалаудағы кәсіпкерлікті ретке келтіруге тапсырма берген еді. Алдымен жағалауда тұрған барлық кәсіпкер екі күнге орнын босатып, санитарлық-тазалық жұмыстары басталды. Шаһар басшысы балалар ойын алаңынан ойын машиналары мен велосипедтер шықпас үшін арнайы бетон қоршау қойды. Ретсіз сауданы болдырмау, жағалауды жайма базарға айналдырмау үшін әрбір кәсіпкерге орын белгіленіп, велосипедтер мен ойыншықтар нөмірленеді. Айта кетелік, 15А шағынауданнан 9А шағынауданға дейін созылған 3500 метр жағалауда еік серуендеу алаңы мен екі ойын-сауда алаңы белгіленген: 1) Самал-1 шағынауданынан бастап 15А шағынаудан, №4 үйге қарама-қарсы (1,7 шақырым) аумақ тұрғындарының серуендеу аймағы ретінде белгіленген. 2) 15 а шағын аудан №4 үйге қарама-қарсы орналасқан аумақтан бастап 14А шағынаудан «Астана» сайда орталығына дейінгі аралық (430 метр) балалар ойын алаңы болып бекітілді. 3) «Астана» сауда орталығынан бастап «I Love Aktau» инсталляциясына дейінгі аралық (1,4 шақырым) тұрғындардың серуендеу аймағы болмақ. 4) Ал 9А шағынаудандағы 100 метр жер ойын-сауда алаңы ретінде бөлінген.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="81542,81541,81540,81539,81538"]