Бүгінде Қазақстанда 90 мыңнан аса студентке жатақхана қажеттілігі бар. Жыл сайын еліміздегі туу динамикасы да жоғарылап келеді. Биыл талапкерлер саны 200 мыңнан асса, 5-10 жыл ішінде 1,5 есеге өсе түседі. Сәйкесінше, жатақханаға сұраныс та артады. Маңғыстау облысында 1300-ден аса студентке керек. Осыған байланысты елімізде студенттерді жатақханамен қамтуға бағытталған тетіктер әзірленді. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік қоғамдастығына ақпарат беру мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Маңғыстау облысында түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараға қонақ үй кешендерінің, хостелдердің басшылары мен басқа да мүдделі кәсіпкерлер, «Білім басқармасы» ММ, «Каспий» ӘКК» АҚ, «Даму» қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы өкілдері қатысты. Іс-шараның бірден-бір мақсаты – Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне осы арнайы шығарылған механизмнің тиімділігін көрсету. Мемлекеттік тап сы рыс тың орындалу барысы жайында Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ менеджері және Маңғыстау облысы бо йынша кураторы Алпамыс Сатыбалдин баяндап берді. «Барлығымызға белгілі, Елбасымыз былтыр бес әлеуметтік бастама көтерген болатын. Соның ішінде үшінші бастама – студент жастардың тұрғынжайын жақсарту. Яғни кем дегенде 75 мың студентке жатақхана салу көзделген. Бұл бұйрық Білім және ғылым министрлігіне арналып, «Қаржы орталығы» опе-ратор ретінде таңдалды. «Қаржы орталығы» министрлікпен бірлесе отырып, арнайы тетік дайындады. Бұл бағдарлама кәсіпкерлерге тек әлеуметтік жоба ретінде емес, үлкен бір тиімді бизнес көзі ретінде ұсынылады. Оған сәйкес жоғары оқу орны, орта оқу орны немесе жеке кәсіпкер жатақхана салатын болса, үш жақты келісімге қол қойылады. Одан кейін оқу орны немесе жеке кәсіпкер жатақхананы пайдалануға енгізеді. Осыдан соң жатақханаға 20 жыл бойы ғимараттың мақсатын өз герт-пеуге шарт қойылады. Жатақхана экс плуа-тацияға енгізілгеннен кейін мемлекеттік тапсырыс келісім шартына сәйкес жыл сайын әрбір орынға 122 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бойынша төленеді. Егер бар ғимаратты, мәселен қонақ үйді немесе басқа да бизнес орталықтарын реконструкция жасау арқылы пайдалануға енгізетін болса, онда 47 АЕК төленеді. Мысалға, бір кәсіпкер 500 орындық жатақхана құрылысын бастады, келесі жылы қолданысқа берді. Келесі жылы 1 АЕК-2613 теңге. Оны 122 АЕК-ке көбейтсек, 318 мың теңге. Оны 500 орынға көбейтсеңіз, жылына 159, 4 миллион теңге мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерге төленеді. 500 орындық жатақхана үшін біздің тараптан 8 жыл бойы, яғни 1 млрд. 280 млн. теңге төленеді. Одан бөлек жатақхана иесі тұрып жатқан студенттерден тұру ақысын алуына, коммерциялық алаңдар – шаштараз, асхана, дүкендер, жаттығу залдары, т.б. са-луына болады. Қазіргі таңда елімізде жатақха-на бизнесі аз қамтылған. Сол себепті бұл кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілген үлкен мүмкіндік, қолдау десек болады. Жал-пы мемлекет тарапынан бұл бағдарламаға 11 жылға 152,8 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде таяу үш жылға республикалық бюджеттік комиссияның мақұлдауымен 15 млрд. теңге қаражат бөлініп отыр», – дейді Алпамыс Айдарұлы. Маңғыстау облысында студенттік жатақханалардың құрылысы аса маңызды міндеттер қатарында. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша 7 оқу орнында білім алатын 1 364 студент студенттік жатақхана орында-рына зәру. Үшінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысында 2022 жылдың соңына дейін 7 жатақхана 2 140 орынға арналған, оның ішінде 1 жоғары оқу орны үшін 170 орынға және 6 колледж үшін 1 970 орынға жатақхананың құрылысы жоспарланып отыр. Берілген мәселені шешу үшін 7 жер учаске-сінде объектілерді пайдалануға енгізу жоспарда бар. Қазіргі уақытта 4 нысан бойынша ЖСҚ жоқ, 3 нысан бойынша ЖСҚ қажет емес. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Гүлжан Қалымбетова бағдарламаның тиімді тұстары мол екенін айтып, жеке кәсіпкерлер үшін қарастырылатын жеңілдіктер жайын айтып берді. «Басымдық берілген жобаларды несие-леу механизмі 2018 жылы бекітілді. Бұл бағ-дарламаларға Ұлттық қордан 600 млрд. тең ге қарастырылған. Екінші деңгейлі банк терге бұл 11 пайыздық мөлшерлемемен 7 жыл мер-зімге беріледі. Несиенің пайызын төмен дету мақсатында республикалық бюджет тен тағы 30 млрд. теңге бөлініп отыр. Борышкер қаулы та-лаптарына сәйкес болса осы жо баға қатысып, субсидия ала алады. Бұл бағ дарламаға жеке кәсіпкерлік субъектілері қа тысады. Сыйақы мөлшерлемесі – 15 пайыз, кәсіпкер оның 8 пайызын төлейді, 7 пайызы субсидияланып отырады. Субсидиялау мерзімі инвестициялық жобаларға 7 жылға беріледі, несие қайта қаржыландырылмайды. Кәсіпкер, ең алдымен, екін ші деңгейлі банкке өтініш ұсынады. Банк жобаны қаржы лық және экономикалық сарап-таудан өткізеді. Кәсіпкер екінші деңгейлі банктен қолдау тапқан шешімді «Даму» қорына тапсырады. Біз ол құжаттарды қарап, мақұлдау дан кейін үш жақты субсидиялау шарты жасала ды. Көп кәсіпкерлер, әсіресе құрылыс компанияларында көбіне өз қаражаттары айналым да жүргендіктен, техникалық құралдан өзге активтері болмай, кепілдендіру мәселесі туын-дайды. Осыған байланысты өз тараптарынан мүліктер жетпеген жағдайда «Даму» қорынан кепілдеме беріледі. Несие сомасы 3 миллиард теңгеге дейінгі жобалар бойынша кепілденді-ру 50 пайызға, 5 миллиардқа дейінгі жобаларға 20 пайызбен 7 жыл мерзімге беріледі. Сту-денттік, мектеп жатақханаларын салу және ре конструкциялар жасау, мектепке дейінгі бастауыш және жалпы орта білім беру мекемелерін салу жобалары аясындағы бағдарла-ма кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Құрылыс са-ласындағы кәсіпкерлер мемлекет тарапынан тапсырыс алса, қаражаттары болмаған жағдайда осы бағдарлама арқылы қолдау тауып, жобаларын іске асыруға мүмкіндіктері бар», дейді Гүлжан Жолмырзақызы. Жатақхана нысандарының пайдалануға енгізілуін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігінің шеңберінде жүзеге асыру жоспарланған. Осы тетіктің басты операторы ретінде «Қаржы орталығы» АҚ айқындалған. Тетікке сәйкес мемлекеттік тапсырысты орна-ластыру шеңберінде жыл сайын әрбір орынжай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда 122 АЕК, ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау жағдайын да 47 АЕК төленетін болады. Төлемдердің жүргізілу кезеңі – 8 жыл. 2019 жылғы мамыр айына дейін 20 шарт жасалды, олардың шеңберінде 2019–2022 жылдар аралығында 6 864 орын-жайды енгізу жоспарланған, оның 13-і Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Орал қалаларында құрылыс жүргізу жолымен және 7-еуі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Павлодар, Өскемен қалаларында реконструк-циялау жолымен іске асырылатын болады.
Жайық НАҒЫМАШ