Баланың бос уақытын тиімді пайдалану – осы күнгі педагогтар мен ата-ананың ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Сабақ уақытынан кейінгі бос кеңістікті мектеп жасындағы баланың ата-анасы жас ұрпақтың жеке басын дамыту үшін күнделікті әр сағатын жоспарлап, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спортпен шұғылдануға, рухани әлемін байытуға, көкжиегін кеңейтуге, достарымен қарым-қатынас жасауға, ойнауға т.с.с. толып жатқан жеке шаралар арқылы бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға көңіл бөлуі керек.
Осындай келелі мәселеге қатысты № 5 мектепте Ақтау қалалық білім бөлімі МКҚК «Оқушы» орталығының ұйымдастыруымен республикада алғаш рет «Қосымша білім беру: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында облыс мектептерінің жанындағы аула клубтарының жүрмелі № 1 секциялық отырысы өтті. Жиынға білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжақсы Тұржанова, облыстық басқарманың тәрбие жұмысы бойынша меңгерушісі Алмагүл Байжанова қатысып сөз сөйлеп, облыстық қосымша білім беру және әдістемелік орталығының директорының орынбасары Жиде Баулыбайқызы ашып, жүргізіп отырды.
Отырысты «Шығармашылық калейдоскоп» тәрбиеленушілер шығармашылығы көрмесінен соң жиналғандар «Қосымша білім – тәрбие бастауы» бейнебаянын тамашалады.
МКҚК «Оқушы» орталығының директоры Ақмарал Озғанбаева «Балалар мен жастардың инновациялық әрекеттерге ерте қатысуын кәсіби бағдарлау және ынталандырудың негізгі жүйесі ретінде қосымша білім беру саласын дамыту» тақырыбындағы баяндамасында аула клубтарының жұмысына жалпы шолу жасады.
-«Оқушы» орталығы – білім беру жүйесіндегі қосымша білім берудің негізгі саласы ретінде балалардың жеке көз қарасын қалыптастыруға, шығармашылығын шыңдауға, білім қабілеттілігін арттыруға бағытталған қоғамдық мекеме. Қазіргі заман талабына сай, білімді, рухани бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеуді басты мақсат етіп, сол міндеттерді жүзеге асыру жолында қызмет етуде.
Жасөспірімдерге қосымша білім мен тәрбие беруді дамыту, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында төмендегідей міндеттер қабылдаған:
Орталық және аула клубтарының жүйелі түрде жұмыс жасау деңгейін көтеру; оқушылардың бос уақытын тиімді, мазмұнды ұйымдастыру; Мүжәлсіз, көп балалы отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қиын, мүмкіндігі шкетеулі балаларды үйірмелерге тартуды басты назарда ұстау. Қосымша білім педагогының бұл бағыттағы жұмыстарына қолдау көрсету; Дәстүрлі өткізілетін іс-шараларға, шығармашылық ұжымдардың қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуын ұйымдастыру; Жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылдың 14 тамызындағы № 669 бұйрығымен бекітілген ережесін, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2003 жылдың 17 наурызындағы №81 Қаулысымен бекітілген облыс әкімдігінің 2006 жылға арналған iс-қимыл жоспарының негізге ала отырып, балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін, өскелең ұрпақтың сана-сезімін, мәдениетін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғылықты жері бойынша тәрбиелік процесті жүзеге асыру мақсатында Ақтау қаласы әкімдігінің 2006 жылдың 4-қыркүйегіндегі №1077 қаулысына сәйкес, МКҚК «Оқушы» орталығында 19 аула клубы жұмыс жасайды. Олардың 16-сы төменде көрсетілгендей жалпы орта білім беретін мектептер ғимаратында, 3-і коммуналдық және жеке тұрғын үй мекемелерінде орналасқан.
«Оқушы» орталығы (3 ш/а, 119 ғимарат), «Самғау» (4 ш/а, 5 орта мектеп), «Арай» (6 ш/а, 6 орта мектеп), «Қайнар» (7 ш/а, 9 орта мектеп), «Мирас» (7 ш/а, 14 үй,1пәтер), «Ұлан» (8 ш/а, 8 орта мектеп), «Тұлпар» (11 ш/а, 10 орта мектеп), «Жігер» (12 ш/а, 12 орта мектеп), «Зерде» (12 ш/а, «Ақтау лифт»), «Рауан» (13 ш/а, 17 орта мектеп), «Толқын» (14 ш/а, 1 орта мектеп), «Шағала» (14 ш/а,15 орта мектеп), «Достық» (22 ш/а, 22 орта мектеп),
«Ақжелкен» (26 ш/а, 14 орта мектеп), «Балдәурен» (27 ш/а, 16 орта мектеп), «Өрлеу» (28ш/а, 2 үй, 21 пәтер), «Ұшқын» (28ш/а, 20 орта мектеп), «Өркен» (28 ш/а, 23 орта мектеп), «Арман» (29 ш/а, 28 орта мектеп), «Алау» (Өмірзақ кенті, 23 орта мектеп).
2015-2016 оқу жылында өткізілген мәдени көпшілік іс-шаралар бүгінгі күні елімізде қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы қажеттілігіне бағытталған тұтас тәрбие жүйесі қалыптасқан.Тәрбие - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» және «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысын басшылыққа ала отырып, 2015-2016 оқу жылына арналған мәдени көпшілік іс-шаралар тәрбие жоспарының бағыттары жасақталып, мекеме директорымен бекітілді.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. Бұл бағыттарда үйірмеге қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді. Онда үйірме тәрбиеленушілерінің оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие , ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты болып табылады.
Бекітілген жоспарға сәйкес МКҚК «Оқушы» орталығында өткізілген іс шаралар есебі: 2015 -2016 оқу жылында - 80 мәдени көпшілік іс-шара өтіп, көрермен саны - 6482 адамды құрады. Оның ішінде - 37 байқау өтіп, оған қатысқан талапкерлер саны - 845 бала болды.
Қазіргі кезде елімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен балаларға арналған қосымша білім беру жүйесін белсенді дамыту процесі жүріп жатыр. Оның айғағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген құжат: Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары болып табылады. Болашақта қосымша білім берудегі оқу-тәрбие жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру, әр түрлі бағыттағы бірлестіктер желісін кеңейту есебінен балаларды қосымша білім берумен қамтуды ұлғайту, орталық және аула клубтарының материалдық-техникалық базасын кеңейту; Аула клубтарын заман талабына сәйкес техникалық құрал-жабдықтармен жабдықтау, материалдық-техникалық базасын нығайту;
Баяндама соңында орталық директоры ұйымдастырушы-педагогтар Ұштап Төленбаеваның, Жұмагүл Чекешованың, жыр-терме үйірмесінің жетекшісі, әнші-термеші, «Лидер образования» атағының иегері Күнсәуле Өмірзақованың, Ашихара-каратэ үйірмесінің жетекшісі И.В.Отаров, шахмат үйірмесінің жетекшісі А.С.Саркисов пен А. Қалиев, ашихара-каратэ М. Тәжіребаеваның еңбегін ерекше атап өтті.
Бұдан соң, «Аула клубтарындағы жазғы маусым» бейнебаяны көрсетілді. Қосымша білім педагогтары В. Қуанова, Н. Жұмабаева, Б. Орынбасарова, Н. Жұмабаева түрлі халықаралық шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Түрлі үйірмелер бойынша қалалық жарыстардан – 69, облыстық жарыстардан – 90, республикалық жарыс-шаралардан – 60, халықаралық шаралардан – 66 тәрбиеленуші жүлделі орындарды иемденіп, әр түрлі деңгейдегі сертификаттарға ие болған.
Отырысқа аудандардағы аула клубтарының өкілдері, ата-аналар қатысып, өздерін толғандырған пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Солардың арасынан «Балдәурен» аула клубының ата-анасы Сәуле Макешова, «Луара» қоғамдық қорының директоры, қалалық мәслихат депутаты Лаура Асырова аула клубтары жанынан туризм секциясын ашуды, ал «Шағала» аула клубының қосымша білім педагогы Рысжан Көшева мифологияны дәріс ретінде қосымша сабақ бағдарламасына енгізуді ұсынды.
Жас балаларды түрлі теріс жолдар мен жат ағымдардың ықпалынан қорғаудың бір жолы саналатын үйірмелердің түрлілігі мен тиімділігін ескерген ұйымдастырушы педагогтар аула клубтарының әр түрлі бағытта құрылған бағдарламаға сәйкес жұмыс жасауын мақұлдайтынын білдірді. Бір әттегенайы, аула клубтары ата-аналар тарапынан сұранысқа ие болып отырса да, үйірмелер өтетін орынның тапшылығынан тек - 4342 бала ғана қамтылған. Қаладағы 32 мыңға жуық баланың 12 пайызы қамтылған. Болашақта бөлмелер саны көбейіп жатса, қатысуға ынталы бала табыларына ұйымдастырушы-педагогтар бек сенімділік танытып отыр.
Қала балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру міндетін мойнына алған орталық директоры Ақмарал Озғанбаева «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің патриоттық ұйымының жұмысын, мүжәлсіз отбасы балаларына көмек есебінде жылма-жыл қалалық әкімдіктен қаражат бөлгізіп, үш ай 3 кезеңмен еңбек лагеріндегі көгалдандыру жұмыстарына тартып, 7 жылдан бері еңбек ету нәтижесінде қаладағы 5 аула клубының санын бүгінде 19-ға жеткізіпті.
Жиын қорытындыланып, «Достық», «Арай» аула клубының ұйымдастырушы-педагогы Г. Ыбыраш пен А. Сағитжанова білім басқармасының Алғысымен, педагог-жетекшілер - М. Зұлқашева, А. Мәтжанова, М.Шувақбаева, М. Әсіл, Р. Улукманова, А. Таңаторова және орталықтың Алғыс хаттарына ие болып, соңы мерекелік концертке ұласты.
Үміт ЖӘЛЕКЕ Суреттерді түсірген Талат ҚҰСАЙЫН